
Сербия чемпионатының плей-офф кезеңінде қазақ волейболының мақтанышы Сана Анарқұлова өнер көрсететін "Уб" командасы шулы жеңіске жетті. Алғашқы жартылай финалдық матчта олар ВК "Тент" клубымен сырт алаңда кездесіп, 3:2 (18:25, 25:10, 19:25, 25:21, 15:8) есебімен басым түсті.
Ойын аса тартысты өтті. Бірінші және үшінші партияда "Тент" ұтқанымен, қалған үш кезеңде Сана ойнаған "Уб" клубы қарымта қайтара білді. Әсіресе бесінші сетте олар 15:8 есебімен айқын басымдық танытты. Бұл жеңіс командаға серияда 1:0 есебімен алға шығуға мүмкіндік берді.
Енді шешуші жауапты кездесу 9 сәуірде өтеді. Егер "Уб" осы ойында да жеңіске жетсе, онда финалға жолдама алады. Бұл — Сана Анарқұлова үшін Еуропадағы мансаптық маңызды жетістіктердің бірі болмақ.
Сана Анарқұлова — Қазақстан волейболындағы ең танымал ойыншылардың бірі. Ол: