Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Үсік жүріп, тұман түседі: Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы өзгереді

Сарапшы, спорт журналисі

"Қазгидромет" РМК 6 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай, 11 өңірде ескерту жариялады,

Үсік жүріп, тұман түседі: Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы өзгереді
Сүрет: ашық дереккөздерден

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда және Қонаевта да 6 қазанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында сынап бағаны 5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі деп күтіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір