Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жансая Әбдумәлік шахматтан неге кеткенін және ұлына қандай есім қойғанын айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Белгілі қазақстандық шахматшы әрі халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдумәлік өз Instagram парақшасында жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Жансая Әбдумәлік шахматтан неге кеткенін және ұлына қандай есім қойғанын айтты
instagram/@zhansaya_abdumalik

«Мен басқа маңызды істермен айналыстым»

Көпшілікті толғандырған басты сұрақ — оның неге шахматтан кетіп, спорттан уақытша алшақтағаны болды.

25 жастағы гроссмейстер бұл сұраққа қысқа да нұсқа жауап берді:

«Өйткені мен басқа маңызды істермен айналыстым», – деп жазды Жансая, аяғы ауыр кезінде түскен суретін бөлісіп.

Спортшы бұл жазбасымен өзінің өміріндегі жаңа кезеңге қадам басқанын аңғартты.

Ана рөлі мен жаңа өмір кезеңі

Жансая шахматқа қайта оралу тақырыбына да тоқталды.

«Шахмат – менің өмірімнің мәңгілік бөлігі. Бірақ қазір мен басқа кезеңдемін: отбасы, аналық, ішкі жаңғыру.
Қашан қайта оралғым келсе – міндетті түрде оралам. Ал егер қаламасам, онда басқа да маңызды дүниелермен айналысамын», – деп бөлісті спортшы.

Жанкүйерлердің бірі Жансаядан: «Балаңызға қандай есім қойдыңыз?» деп сұрады. Оған жауап ретінде шахматшы «қырқынан шығару» рәсімінде қолданылған ыдыстың суретін жариялады.

Ондағы жазуға қарағанда, гроссмейстер ұл баланы дүниеге әкелген. Сәбидің есімі — Аңсар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір