Геннадий Головкин мен Хабиб Нурмагомедовтің кездесуі жанкүйерлерді қуантты
Бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен UFC-дің бұрынғы жұлдызы Хабиб Нурмагомедовтің кездесу суреті әлеуметтік желілерде нағыз хитке айналды.
Дубайдағы күтпеген кездесу
Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкиннің ағасы Максим Головкин Instagram парақшасында Дубайда түсірілген ерекше суретті бөлісті.
Кадрда Максим Головкин, Геннадий «GGG» Головкин, экс-чемпион Хабиб Нурмагомедов және M-1 Global ұйымының бұрынғы чемпионы Шамиль Завуров бірге түскен.
Желіге жүктелгеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде жазба мыңдаған лайк пен жүздеген пікір жинады.
Жанкүйерлердің реакциясы
Пікірлер бөлімінде спортсүйер қауым эмоциясын жасырған жоқ:
- «Нағыз аңыздар бір кадрда!»,
- «Бауырлар бірге болса — күш те бірге»,
- «Ринг пен октагон шеберлері!» — деп жазды фанаттар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.