
Ересектерге арналған фильм актрисасы Бонни Блю «Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморимге осындай ұсыныс жасады. Аморимнің жүдеген жүзіне қайтадан күлкі сыйлауға дайынмын дейді.
«Манчестер Юнайтед» маусымның алғашқы бөлігінде сәтсіз өнер көрсетіп келеді. Клуб соңғы турларда бірнеше матчта ұпай жоғалтып, сынның астында қалып отыр. “Қызыл сойқандардың” бас бапкері Рубен Аморимге де қысым күшейіп, ағылшын баспасөзінде оның өз еркімен отставкаға кетуі мүмкін деген әңгімелер көбейіп жатыр.
Осындай қиын кезеңде күтпеген жерден ересектерге арналған фильмдер индустриясының жұлдызы Бонни Блю бапкерге “ерекше” қолдау білдірді.
«Мен Аморимге күлкі сыйлағым келеді. Егер ол жақсы адам болса, неге көмектеспеске? Мен қарсы емеспін, ол сүйкімді жігіт сияқты», — деп мәлімдеді актриса Daily Star басылымына берген сұхбатында.
Кейін ол өз стиліне тән ирониямен:
«Кем дегенде ол бір жерге ене алады. Егер футболда гол сала алмаса, маған ене алады ғой!» — деп күлдірді.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде бірден вирусқа айналып, жанкүйерлердің арасында әзіл мен пікірталас туғызды.
«Манчестер Юнайтед» соңғы бес ойында небәрі екі жеңіске жетіп, Премьер-лигада жетінші орында тұр. Клубтың ойын сапасы мен мотивациясы жиі сыналып, бас бапкердің беделі де шайқалуда.