Бокстан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі, әлем чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіповке жұбайы Индира Рахимберлина ұмытылмас тосынсый жасады.
Боксшының жары Instagram парақшасында эмоционалды видео жариялап, әсерлі жазба қалдырды:
«Ол тіпті байқамады... Біздің келгенімізді де сезген жоқ!
Әкем екеуміз күйеуімнің жарысына жасырын келдік. Әкем екі күн бойы ешкімге білдірмей, сырттай бақылап отырды. Мен қыздарды үйде қалдырып, тек финалға келдім — тосынсый жасау үшін.
Ол әкесін көрген сәттегі эмоциясын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес — көзінен қуаныш көрінді! Ал біз ше? Біз өз көзімізбен оның жеңісін көрдік!
Мұндай сәттер үшін өмір сүресің!» — деп жазды Индира Рахимберлина.
Жазбаға спортшының жарысы мен жеңіс сәттерінен тұратын әсерлі бейнежазба да қоса жарияланған.
Еске салайық, Абылайхан Жүсіпов — әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионаттарының үш дүркін қола иегері.
Семейдегі Қазақстан чемпионатының финалында 70 келі салмақ дәрежесінде алматылық Фарух Тоқтасыновты жеңіп, чемпион атанды.