Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, танымал былғары қолғап шебері Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды.
Назым өзінің Instagram-парақшасында 2025 жылдағы ең жарқын сәттерінен құралған видеоны жариялады. Роликте:
Осылайша спортшы бір жылдың ішінде ел тарихындағы ең табысты боксшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеген еді.
Видеоға Назым Қызайбай қысқа, бірақ мағыналы жазба қалдырды:
«Адал бол, еңбек ет, сонда алыстағы армандарың да шындыққа айналады».
Көшбасшылықты жоғалтқан сәтте осындай сабырлы, мотивациялық үндеу қалдыруы – жас спортшылар үшін де, жанкүйерлер үшін де маңызды рухани сигнал деуге болады.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы алғашқы және әзірге жалғыз үш дүркін әлем чемпионы (әйелдер боксы). Ол бұл мәртебеге қол жеткізуімен-ақ ел спортының аңызына айналды.
Алайда соңғы әлемдік додада бәрі ойдағыдай бола қойған жоқ. Ливерпульде өткен World Boxing әлем чемпионатында Қызайбай финалда Үндістан боксшысы Минакши Минакшиге жол беріп, күміс медаль иегері атанды.
2025 жылғы World Boxing рейтингінің жаңартылған нұсқасында Назым 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде көшбасшылық орнынан айырылды. Соған қарамастан оның жыл бойғы жетістіктері мен тәжірибесі әлі де талай жас боксшыға үлгі болып отыр.