Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, көп дүркін чемпион Назым Қызайбай бокстан IBA әлем чемпионатының басты фавориттерінің біріне ашық таңданысын білдірді.
Тәжірибелі қазақстандық боксшы Instagram-дағы сторисінде Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатындағы жекпе-жектен қысқа ролик бөлісті. Видеода Куба боксшысы, олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Крустың сенегалдық Карамба Кебеге қарсы алғашқы жекпе-жегіндегі жарқын сәттері көрсетілген.

Қазақстан боксшылары да әдемі жекпе-жектер өткізіп жатқанына қарамастан Назым дәл осы кубалық шебердің өнеріне ерекше баға беріп, сторисіне смайликпен белгілеген. Бұл оның Ла Крустың шеберлігі мен рингтегі доминантты стиліне риза болғанын аңғартады.
Хулио Сезар Ла Крус – қазіргі заманғы әуесқой бокстың символына айналған есімдердің бірі. Кубалық жұлдыз:
IBA әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын 13 боксшы қорғады. Дубай төрінде біздің жігіттер бірқатар әсерлі жекпе-жек өткізіп үлгерді.
Алайда бүгінгі жарыс күнінде екі отандасымыз турнирмен қош айтысты: