Еркебұлан Тоқтар Қазақстаннан кетеді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА жауынгері әрі актер Еркебұлан Тоқтар алдағы уақытта елден тысқары дайындыққа шығатынын мәлімдеді. 

Еркебұлан Тоқтар Қазақстаннан кетеді
instagram/@erkebulan_toktar

Майамиге ұшу мерзімі белгілі болды

Еркебұлан Тоқтар Instagram желісіндегі парақшасында жол жоспарын да нақтылап өтті. Оның сөзінше, ол 15 қаңтарда Алматыдан ұшып, 15 наурызда елге оралады.

«American Top Team-ге екі айлық дайындыққа бара жатырмын. Алматы — Майами. 15 қаңтарда ұшамын, 15 наурызда қайтамын. Қазір жақсы билет таңдаймыз… Міне, осы! Бөліп төлей ме? Бах! Алматы — Майами, Майами — Алматы», — деді файтер әлеуметтік желідегі видеосында.

Соңғы жекпе-жегі Ташкентте өтті

Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтардың соңғы айқасы 27 желтоқсанда болған. Ол өзбекстандық файтер Тимур Никулинге қарсы жұдырықтасты.

Жекпе-жек Ташкенттегі «Хумо-Аренада» бокс ережесі бойынша өтті. Айқас бірінші раундтың 72-секундында аяқталып, қазақстандық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 1
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір