Кредитін жауып берген. Еркебұлан Тоқтар інісіне пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Еркебұлан інісіне үй сыйлау арманын бес жыл бойы ішінде сақтағанын жеткізді.

Кредитін жауып берген. Еркебұлан Тоқтар інісіне пәтер сыйлады (ВИДЕО)
NUR.KZ

Белгілі актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар туған інісі Әділ-Ерге Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Өнер иесі бұл сыйлықты кезінде ең қиын сәтінде жанынан табылған бауырына алғыс ретінде жасаған.

"Сол кезде інім көмектеспесе, сынып кетер ме едім"

Еркебұлан әлеуметтік желідегі жазбасында бес жыл бұрынғы ауыр кезеңін еске алды. Оның айтуынша, құмар ойындарға әуестік салдарынан қарызға белшесінен батып, микрокредиттер мен несиелерді шектен тыс алған.

"Микрокредит қатты қанымды ішкен еді. "Шоттарыңды жауып тастаймыз" деп, "сындырайын" деп тұр. Сонда бір 300 мың теңге болса 1-2 микрокредитімді жауып тастап, әрмен қарай басқаларын жабамын дегем. Ұялсам да ініме бардым. Барсам, "болды, бауырым" деп ойланбастан алып берді. Солай несиелерімді жауып, әйтеуір әрі қарай адам болып кеттім. Жекпе-жектерге шыға бастадым, қарыздарды жаптым. Сол кезде інім бермегенде, мен сынып кетер ме едім", – деп жазды актер.

Бауыры Әділ-Ер сол кезде ақшаның қайтарылмайтынын білсе де, қаржылай қолдау көрсеткен. Сол көмектің арқасында Еркебұлан қарыздарын жауып, спорттық жекпе-жектерге шығып, қайтадан аяққа тұрғанын айтты.

Бес жыл күткен сәт

Ағайынды екі жігіттің арасы – үш жас. Еркебұлан інісіне үй сыйлау арманын бес жыл бойы ішінде сақтағанын жеткізді. Ақыры Алматыдағы қымбат тұрғын үй кешендерінің бірінен екі бөлмелі пәтер сатып алған.

"Үйленгеніне 4 жыл болды, әке-шешеммен тұрады. 2 бала-шағасы бар, 3 жерде жұмыс істейді. Талпынып қанша еңбек етсе де, пәтер ала алмай жүрген. Бала-шағадан артылмайды. Содан үй алып, ішіне жиһаз, жөндеу бәрін жасап, кілтті беруге бара жатырмын", – деді Еркебұлан Тоқтар.

Мұндай тосынсыйға бауыры қуанғаны сонша, көзіне жас алды. Артынша өзінің instagram парақшасындағы stories-ке шығып, рахметін айтты.

"Аллаға шүкір. Әуелі Алла, одан кейін Еркеге рахмет. Шынымды айтсам, осы мақсатқа жету үшін қаншама тахаджуд намаз оқыдым, қаншама дұға-тілек қылдық", – деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір