Михаил Шайдоров қазақстандық футболшыларды артта қалдырды

Сарапшы, спорт журналисі

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі аудиториясы бойынша футболдан ұлттық құраманың барлық ойыншысын шаң қаптырып кетті. 

Михаил Шайдоров қазақстандық футболшыларды артта қалдырды
instagram/@mikhail_shaidorov

Instagram-дағы жаңа рекорд

Шайдоровтың Instagram парақшасындағы жазылушылар саны алғаш рет 319 мыңнан асып, спортшының жеке рекорды жаңарды. Осы көрсеткіш оның Қазақстан құрамасының бірқатар футболшысын, соның ішінде Шерхан Қалмырза, Темірлан Анарбеков, Бақтиер Зайнутдинов секілді ойыншыларды басып озуына мүмкіндік берді.

Дегенмен футболшылар арасында көшбасшылық әлі де "Қайраттың" 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаның еншісінде. 2025 жылдың қыркүйегінде "Реалға" қарсы матчтан кейін оның танымалдығы бірден артты.

instagram/@kallmurza

Қазір Қалмырзаның Instagram-дағы аудиториясы 311 мыңға жетіп отыр.

Елдегі №1 спортшы кім? 

Шайдоров футболшылардың бәрін басып озғанымен Қазақстандағы ең танымал спортшы мәртебесіне әлі ерте. Ерлер арасында бірінші орынды аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов сенімді түрде ұстап тұр.

Қазақстандағы ең көп жазылушысы бар ер спортшылар тізімі: 

  1. Шавкат Рахмонов (MMA) — 1,8 млн
  2. Александр Бублик (теннис) — 1,4 млн
  3. Қуат Хамитов (MMA) — 662 мың
  4. Жанқош Тұраров (бокс) — 482 мың
  5. Данияр Елеусінов (бокс) — 463 мың
  6. Жәнібек Әлімханұлы (бокс) — 348 мың
  7. Елдос Сметов (дзюдо) — 343 мың
  8. Асу Алмабаев (MMA) — 325 мың
  9. Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау) — 319 мың
  10. Жалғас Жұмағұлов (MMA) — 312 мың
  11. Шерхан Қалмырза (футбол) — 311 мың

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров — мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы Олимпиада алтынын алған алғашқы спортшы. Бұл жеңіс оның халықаралық деңгейдегі беделін күшейтіп, жанкүйерлер санын арттырып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір