UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты өліммен аяқталған жол апаты ісі Таразда қаралып жатыр.
Kazinform дерегінше, марқұмның әкесі сотта отбасының қайғылы жағдайды сол күні кешке бір-ақ естігенін айтқан. Оның сөзінше, Алматыдағы үйлеріне айыпталушы тараптың туыстары және екінші марқұмның анасы келіп, кешірім сұраған, бәрі бірге жылаған.
Сонымен қатар айыпталушы жақ мәйітті Жамбыл облысынан Алматыға жеткізуге көмектесіп, жерлеу рәсімдерінің бір бөлігін өз мойнына алған.
Сот сұрағына жауап берген әке: "Бұл — жол. Онда не боларын ешкім білмейді" деп, айыпталушыны кешіретінін жеткізген. Марқұмның 2006 жылы туған ұлы қалғаны да айтылды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 2025 жылы 27 шілдеде Алматы — Екатеринбург тасжолында болған. Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автокөлік аударылып, екі адам қаза тапқан.
Осы іс бойынша сот процесі 2026 жылғы 16 ақпанда Таразда басталған. Айыптау тарапы екі адамның өліміне әкелген жол апатына қатысты жауапкершілік мәселесін сотта қарастырып жатыр.