Шавкат Рахмоновтың жұбайы бір жылда 19 рет жол ережесін бұзған

Сарапшы, спорт журналисі

Жамбыл облысында өліммен аяқталған жол апаты бойынша сот отырысында айыптау тарапы маңызды дерек келтірді. 

Шавкат Рахмоновтың жұбайы бір жылда 19 рет жол ережесін бұзған
Instagram/@shavkatrakhmonov94

Сотта қандай құқықбұзушылықтар аталды?

Прокурор сотта келтірген ақпарат бойынша, тіркелген бұзушылықтардың қатарында:

  • жылдамдықты бірнеше мәрте асыру, оның ішінде 40 км/сағ жоғары артық жылдамдық жағдайлары;
  • жол белгілері мен жолақ/сызық талаптарын сақтамау;
  • тоқтау және тұрақ қағидаларын бұзу;
  • көлікті техникалық/пайдалану талаптарын бұза отырып жүргізу деректері бар.

Сонымен бірге қауіпсіздік белдігін қолдану тәртібін бұзу, жарық құралдарын пайдалану талаптарын сақтамау және өзге де жол қауіпсіздігіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркелгені айтылды.

Қорғаушы тарап не дейді?

Қорғау тарапы бұл көлікті тек айыпталушы пайдаланбағанын алға тартты. Адвокаттың сөзінше, сақтандыру полисі бойынша көлікті басқаруға Шавкат Рахмонов пен оның бауырлары да жіберілген. Демек қорғаушы тараптың уәжі бойынша кейбір құқықбұзушылықтарды басқа жүргізушілер де жасауы мүмкін.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 27 шілдеде, сағат 08:50 шамасында, Алматы – Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында болған.

Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай апат салдарынан екі адам қаза тапқан, ал Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы ауруханаға жеткізілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір