"Манчестер Юнайтед" қорғаушысы Харри Магуайр Грекия сотының шешімімен 15 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
32 жастағы футболшы жеңіл дәрежедегі шабуыл, ұстауға қарсылық көрсету және пара беруге оқталу баптары бойынша кінәлі деп танылған. Оқиға 2020 жылы Магуайрдың отбасылық демалысы кезінде болған.
Шешім шартты жаза ретінде көрсетілген, яғни Магуайр қазір түрмеге бармайды. Дегенмен заң талаптарын бұзса немесе шарт талаптары орындалмаса, жаза тәртібі өзгеруі мүмкін.
talkSPORT ақпараты бойынша, Магуайр өз кінәсін мойындамай, істі Жоғарғы сотқа дейін апелляция тәртібімен қайта қаратуға ниетті.
Бұл дау бірнеше жылға созылып, тыңдаулар бірнеше рет кейінге шегерілген. Бұған дейін де осы іс бойынша шешімдер мен апелляциялық процестер болған.