ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

KitKat "Формула-1" болидін жасап шығарды

Ол көпшілікке "Формула-1" жаңа маусымы қарсаңында таныстырылды. 

KitKat "Формула-1" болидін жасап шығарды
amp.championat.com

Әлемге танымал шоколад өндірушісі KitKat "Формула-1" жаңа маусымы қарсаңында көпшілік назарына ерекше жобаны ұсынды. Бренд Cadillac командасымен бірге толықтай шоколадтан болид жасап шыққан. 

5 метрлік болид

Шоколадтан жасалған болидтің ұзындығы шамамен 5 метр, ал салмағы 350 килограмм. Бұл шамамен 16 900 KitKat батончигінің салмағына тең.

5 метрлік болид
Фото: Sport.ua

Жобаны жүзеге асыру үшін кондитерлер 1254 сағат, яғни шамамен 52 күн бойы жұмыс істеген.

Ерекше болид қазір әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Мәселен, "Формула-1" жанкүйерлері әзілдеп, KitKat-тың шоколад болиді Aston Martin командасынан да жылдам болуы мүмкін деген пікірлерді жарыса жазуда. 

Неге Aston Martin-нен жылдам?

Бұл әзілге Aston Martin командасының маусым алдындағы тесттерде сәтсіз өнер көрсетуі себеп. Кейбір ақпараттарға қарағанда, командада қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.