Лос-Анджелесте кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің үйі өртке оранды. Спортшы оқиғаға қатысты мән-жайды өзі баяндап, желіде видео жариялады.
Қазақстандық белгілі боксшы Мадияр Әшкеев әлеуметтік желідегі парақшасында үйіндегі өрттің видеосын жариялады. Кадрлардан жалынның ауқымды болғанын, үйге едәуір залал келгенін және оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің тілсіз жаумен күресіп жатқанын көруге болады.
Спортшының айтуынша, оқиға күні олар ауызашарға дайындалып жатқан.
“Ассалаумағалейкум, достар! Көріп тұрғандарыңыздай, үйіміз өртеніп кетті. Қасиетті Рамазан айында бұл — Алланың бізге жіберген кішкентай сынағы. Бұл үйде біз талай досты, чемпиондар мен батырларды күткен едік.
Шамамен сағат төрттерде Ержан деген бауырымыз бізді ауызашарға шақырған. Біз сыртқа шығуға қамданып жатқанда үй ішінен күйіктің иісін сездім. Балалардан, үйдегілерден: “Ештеңе жанып жатқан жоқ па, тамақ күйіп кеткен жоқ па?” деп сұрадым. Олар бәрі дұрыс екенін айтты.
Бір кезде гаражды ашсам, үйдің жартысы отқа оранып, айналаны қара түтін басып кеткен. Балаларды дереу сыртқа алып шықтық. Арамызда күтуші де болды, барлығын сыртқа шығардық. Бір сәтте бір бала жетіспейтінін аңғардым. Қарасам, Алдияр жоқ. Ол екінші қабатта қалып қойған екен. Айқайлап жүріп, оны да алып шықтық.
Құдайға шүкір, бәріміз аманбыз, балалар дін-аман. Тек үйдің жартысы жанып кетті. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне рақмет — өте жылдам келіп, отты ауыздықтады. Бізге алаңдаған достарымызға да алғыс айтамын. Америкадағы достарымыз көмек ұсынып, үйлерін беруге дайын болды. Қазір уақытша достарымыздың үйінде тұрып жатырмыз”, — деді Мадияр Әшкеев.
Мадияр Әшкеев — Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшыларының бірі. Оның кәсіпқой рингтегі рекорды — 14 жеңіс, оның жетеуі нокаутпен және бір ғана жеңіліс.
Әшкеев әр жылдары NABF Junior және NBA (National Boxing Association) нұсқалары бойынша бірінші орта салмақта чемпиондық белбеулерді иеленген.
Кәсіпқой мансабына дейін Мадияр Әшкеев әуесқой бокста да жақсы нәтижелерге жеткен. Ол: