"Қайтыс болсам, өзім айтамын" — Қуат Хамитов желідегі қауесетке жауап берді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов әлеуметтік желіде тараған өз өлімі туралы қауесетке қатысты мәлімдеме жасады.

"Қайтыс болсам, өзім айтамын" — Қуат Хамитов желідегі қауесетке жауап берді (ВИДЕО)
1bol.kz

Белгілі файтердің сөзінше, егер оның өмірінде сондай жағдай бола қалса, бұл туралы жұртшылықты біреулер емес, өзі хабардар етеді. Осылайша Қуат Хамитов ел арасында тарап кеткен әңгімеге нүкте қоюға тырысты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде спортшының өмірден өткені туралы түрлі хабарламалар тараған. Алайда бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.

Файтердің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі мұндай жалған ақпараттың не үшін тарайтынына таңғалса, енді бірі танымал адамдарға қатысты негізсіз қауесеттің жиілеп кеткенін атап өтті.

Айта кетейік, Қуат Хамитов – қазақстандық аралас жекпе-жек әлеміндегі танымал спортшылардың бірі. Ол тек октагондағы өнерімен емес, қоғамдағы түрлі мәселеге қатысты ашық пікірімен де жиі назарға ілігіп жүреді. Сондықтан оның атына байланысты кез келген ақпарат әлеуметтік желілерде тез таралып кетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір