Еркебұлан Тоқтар 200 млн теңгеге бағаланған көлік коллекциясын көрсетті (ВИДЕО)
Қазақстандық ММА файтері өзінің қымбат автопаркін көпшілікке таныстырды.
Автопаркте қандай көліктер бар?
Әлеуметтік желіде тараған видеода Еркебұлан Тоқтардың иелігіндегі бірнеше көлік пен мотоциклдің бағасы аталды. Актердың ең қымбат көліктерінің бірі — Mercedes-Benz G-Class. Оның бағасы шамамен 90 миллион теңге деп көрсетілді.
Сонымен қатар Еркебұлан Тоқтардың коллекциясында Harley Davidson мотоциклі бар. Әңгіме барысында оның құны шамамен 8 миллион теңге екені айтылып, жалпы есепте 98 миллион теңгеге жеткені сөз болды.
Ал BMW E34 көлігіне қатысты оның өзіне шамамен 15–20 миллион теңгеге түскенін жеткізді.
Jeep Grand Cherokee SRT 90 миллион теңгеге бағаланды
Еркебұлан Тоқтардың автопаркінде Hyundai Palisade те бар. Оның айтуынша, бұл көлік оған кезінде 28 миллион теңгеге түскен. Бірақ қазіргі нарықтағы бағасын нақты білмейтінін айтты.
Ал Jeep Grand Cherokee SRT көлігі шамамен 90 миллион теңгеге бағаланды. Осылайша, видеодағы есеп бойынша Тоқтардың көлік коллекциясының жалпы құны шамамен 200 миллион теңгеге жуықтайды.
Қазақстандағы ең танымал ММА файтерлерінің бірі
Еркебұлан Тоқтар қазақстандық ММА-дағы ең медиа тұлғалардың бірі саналады. Ол спортқа кино саласынан, нақтырақ айтқанда каскадерлер мектебі арқылы келген.
Instagram желісіндегі аудиториясы 2,3 миллионнан асады. Бұл көрсеткіш оны Қазақстандағы ең танымал ММА өкілдерінің қатарына қосады.
Еркебұлан Тоқтар қатысқан турнирлер әдетте үлкен қызығушылық тудырады. Мәселен, оның OCTAGON 70 турниріндегі жекпе-жегі лига тарихында рекордтық көрсеткіш тіркеп, 3,7 миллион қаралым жинаған.