"ЖБ шоу": 20 жыл сақталған дәптердің қазақ футболы жайлы сыры
Бағдарламаның кезекті шығарылымында Ермұхамед Мәулен шаң басқан архивін студияға әкеліп, футбол тарихына саяхат жасады.
Бұл жолы Ермұхамед Мәулен шаң басқан архивін студияға әкелді. Сонау жылдары түрлі газет-журналдарға жазған мақалаларын бірге ақтарып, қазақ футболының өткенімен үлкен саяхат жасадық.
Ескі мақалаларды оқи отырып, бір қызық нәрсеге көз жеткіздік: қазақ футболы 20 жыл ішінде шынымен өзгерді ме?
Өйткені жиырма жыл бұрын көтерілген мәселелердің біразы бүгін де өзекті болып отыр. Ол кезде не жазылды? Қандай проблемалар шешілді, ал қайсысы сол күйі қалды?
Бірақ бұл шығарылым тек қазақ футболының ескі проблемалары туралы емес.
Бағдарлама барысында Ермұхамед Мәуленнің архиві көптен бері айтылмаған үлкен бір құпияның бетін ашты...
Ол қандай құпия? Жауабын "ЖБ шоудың" жаңа шығарылымынан көріңіздер.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.