Ойыннан тыс
Ұлттық құрама боксшылары Мұқағали Мақатаевқа құрмет көрсетті (ВИДЕО)
9 ақпанда қазақ поэзиясының алып тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толады. Осы атаулы күн қарсаңында Қазақстан бокс құрамасының бірқатар мүшесі ақынның өлеңін оқып, рухани мұраға құрмет білдірді.