Қазақстанның үздік теннисшісі "Ролан Гарроста" қарсыласын тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі

Александр Бублик Франция ашық чемпионатының төртінші айналымына жолдама алды.

Қазақстанның үздік теннисшісі "Ролан Гарроста" қарсыласын тас-талқан етті
NUR.KZ

Әлемде 62-орында тұрған Бублик 200-орындағы португалиялық Энрике Рошемен кездесіп, 7:5, 6:1, 6:2 есебімен үш сетте жеңіске жетті. Бұл кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды. Осылайша ол турнирдің 1/8 финалына шығып, енді әлемнің бесінші ракеткасы — британиялық Джек Дрейпермен күш сынасады.

Бұған дейінгі әсерлі нәтижелер

Естке сала кетейік, Бублик алғашқы айналымда австралиялық Джеймс Даквортты (92-орын) 6:2, 6:4, 6:4 есебімен жеңген болатын. Ал екінші кезеңде ол сенсация жасап, турнирдің тоғызыншы ракеткасы саналатын тағы бір австралиялық Алекс де Минаурға қарсы камбэк жасап, 2:6, 2:6, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен басым түскен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір