
2025 жылғы Ролан Гаррос турнирінің ширек финалы алдында қазақстандық теннисші Александр Бублик италиялық Янник Синнер туралы пікір білдірді.
2025 жылдың 4 маусымында Roland Garros турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик пен әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер кортта тағы да жолығады. Бұл — олардың кәсіби мансабындағы бесінші кездесу болмақ.
Бублик осы жекпе-жек алдында Sky Sport Italia арнасына берген сұхбатында Синнер жайлы жылы пікір білдірді:
«Ол мені алғаш рет Дубайда, сосын Майамидегі ширек финалда жеңді. Мен оған: “Сен секілді жас бола тұра, осыншалықты керемет ойнау — адам сенгісіз” дедім. Бұл расында да адамзат шегінен тыс нәрсе. Содан бері арамыз жақсы. Алдағы матч тамаша болады деп үміттенемін», — деді қазақстандық теннисші.
Айта кетейік, қос спортшы осыған дейін төрт рет кездескен. Бублик жалғыз жеңісіне 2023 жылы Галледе өткен турнирде қол жеткізген болатын.