Александр Бублик US Open чемпионын ойсырата жеңді (ВИДЕО)
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде – 24-орын) АҚШ-тың ашық чемпионатын (US Open) сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда 2014 жылғы турнир жеңімпазы, тәжірибелі хорватиялық Марин Чиличпен (62-орын) кортқа шықты.
Бублик қарсыласын сенімді тізе бүктірді
Александр хорватиялық тенннисшіден үш сетте басым түсті. Есеп: 6:4, 6:1, 6:4. Бұл жеңіс қазақстандыққа жарыстың екінші айналымына жолдама сыйлады.
Келесі қарсылас
Бублик келесі кезеңде Италия өкілі Лоренцо Сонего (ATP – 46) мен австралиялық Тристан Скулкейттің (ATP – 96) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Қызықты дерек
Айта кетейік, US Open-2025 турнирінің жеңімпазы рекордтық жүлде қоры – 5 миллион долларды иеленеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet