ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Александр Бублик US Open турнирінде сенсациялық қарсыласын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 24-орын) АҚШ ашық чемпионатында (US Open-2025) кезекті жеңіске жетті.

Екінші айналымдағы сенімді жеңіс

Бубликке турнирдің екінші кезеңінде австралиялық Тристан Скулкейт (96-орын) қарсы тұрды. Скулкейт алғашқы айналымда күтпеген жерден италиялық Лоренцо Сонегоны (46-орын) жеңіп, басты сенсация жасаған еді.

Алайда Бублик айқын фаворит атанып, қарсыласын үш сет қатарынан бірдей есеппен ұтты: 6:3, 6:3, 6:3.

Осылайша қазақстандық спортшы үшінші айналымға жолдама алды.

Бірінші айналымдағы нәтижесі

Еске сала кетсек, Бублик алғашқы матчында хорватиялық тәжірибелі теннисші Марин Чиличті (62-орын) сенімді түрде ұтқан болатын. Есеп: 
6:4, 6:1, 6:4.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.