Елена Рыбакина күтпеген шешім қабылдады
2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әлемдік теннис лигасы – 2025 (WTL) турниріне қатысудан бас тартты.
Онымен бірге Францияның 40-ракеткасы Артюр Фис те жарысқа шықпайтынын мәлімдеді.
17–20 желтоқсан аралығында Үндістанның Бангалор қаласында өтетін WTL-2025 турнирінде Рыбакинаның орнын әлемнің 14-ракеткасы, Украинаның үздік теннисшісі Элина Свитолина басады. Ал Артюр Фистің орнына ATP рейтингінің 23-ойыншысы, канадалық Денис Шаповалов қатыспақ.
2025 жылғы Әлемдік теннис лигасв келесі танымал теннисшыларды біріктіреді:
- Даниил Медведев (Ресей)
- Ник Кирьос (Австралия)
- Паула Бадоса (Испания)
- Гаэль Монфис (Франция)
- Магда Линетт (Польша)
- Марта Костюк (Украина)
- Рохан Бопанна (Үндістан)
- Сумит Нагал (Үндістан)
Бұл ойыншылар турнирдің жұлдызды деңгейін сақтап қалатыны сөзсіз.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.