Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қытай теннисшісі спорттан 12 жылға шеттетілді

Сарапшы, спорт журналисі

Қытайлық теннисші келісілген матчтарға қатысқан.

Қытай теннисшісі спорттан 12 жылға шеттетілді
Сурет: ашық дереккөздерден

Қытайлық теннисші Пан Жэньлун 12 жылға спорттан шеттетілді. Бұл ақпаратты теннистегі адалдықты қамтамасыз ететін халықаралық агенттік — ITIA ресми түрде растады.

25 жастағы спортшы ұйымдастырылған, яғни келісілген матчтарға қатысқаны үшін ауыр жазаға тартылды. Сонымен қатар Пан Жэньлун 110 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Тергеу барысында ол өз қатысуымен бес матчтың алдын ала келісілгенін, сондай-ақ 17 мәрте өзге ойыншыларға пара беруге әрекет жасағанын мойындаған.

Айта кетейік, дисквалификация мерзімі 2024 жылдың 7 қарашасынан басталып, 2036 жылдың 6 қарашасына дейін жалғасады. Ал спортшының мансабындағы ең жоғары көрсеткіші — 2024 жылы әлемдік рейтингте 1316-орын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір