17 жастағы қазақстандық әлемнің топ-15-іне енді

Сарапшы, спорт журналисі

Соңғы рейтингте Заңғар Нұрланұлы бірден 12 сатыға жоғарылап, 12-орынға жайғасты. 

17 жастағы қазақстандық әлемнің топ-15-іне енді
olympic.kz

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл тізімде қазақстандық теннисшілер айтарлықтай өсім көрсетті.

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы бірден 12 сатыға жоғарылап, әлемдік юниорлық рейтингте 12-орынға көтерілді. Бұл — оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Өткен маусымда Заңғар юниорлар арасындағы US Open турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, халықаралық аренада өзін таныта білді.

Басқа қазақстандықтардың нәтижесі

Жаңартылған рейтингте тағы екі отандасымыз да жақсы нәтиже көрсетті. Дамир Жалғасбай — 31-орын, ал Даниель Тазабеков — 52-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Зангар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниель Тазабеков жақын күндері юниорлар арасындағы Австралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір