Теннистен ерлер құрамасы Дэвис кубогының I Әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Монакоға қарсы ойыншылар тізімін жариялады. Кездесу 6–7 ақпанда Астанадағы Beeline Arena кешенінде өтеді.
Команда капитаны Юрий Щукин Монакоға қарсы ойынға төмендегі теннисшілерді таңдады:
Бұл текетірес бес матчтан тұрады. Егер Қазақстан құрамасы Монакодан басым түссе, онда команда қыркүйекте келесі кезеңде іріктеу бәсекесіне жолдама үшін күреседі. Ал шешуші квалификация матчтары 2027 жылдың ақпанында өтеді.