Александр Бублик Australian Open-ның екінші айналымына өтті
Әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик Australian Open-ды сәтті бастады. Қазақстандық теннисші қарсыласын үш сетте ойсырата ұтты.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 10-орын) Австралияның ашық чемпионатындағы (Australian Open) өнерін сәтті бастады.
Бірінші айналымда Бублик америкалық Дженсон Бруксбимен (48-орын) кездесіп, оны үш сетте жеңді — 6:4, 6:4, 6:4. Осылайша Александр екінші айналымға шықты, ал қарсыласы «Үлкен дулыға» турниріндегі жарысын мерзімінен бұрын аяқтады.
Еске сала кетейік, Александр Бублик 2026 жылғы маусымды өте сәтті бастады: ол Гонконгтағы турнирде чемпион атанып, мансабында алғаш рет ATP рейтингінің үздік ондығына енді. Айта кетерлігі, бұл жетістік бұған дейін қазақстандық теннисшілердің ерлер арасындағы жекелей сында ешқайсысына бұйырмаған.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.