17 жастағы қазақстандық беделді турнирдің ширек финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Австралияның Траралгон қаласында өтіп жатқан ITF J300 санатындағы беделді юниорлық турнирде Заңғар Нұрланұлы тарихи нәтижеге жетті. 

17 жастағы қазақстандық беделді турнирдің ширек финалына шықты
Instagram/@nurlanuly_zangar

Америкалық қарсылас екі сетте жеңілді

Қазақстандық теннисші турнирдің үшінші кезеңінде АҚШ өкілі Гэвин Гудты (ITF Juniors рейтингінде 21-орын) екі сетте тізе бүктірді. Есеп: 7:6 (7:5), 6:1

Алғашқы сет тартысты тай-брейкке дейін созылса, екінші сетте Заңғар ойын тізгінін толық өз қолына алды.

J300 Траралгонда ширек финалға шыққан алғашқы юниор

Бұл жеңіс тарихи көрсеткіш ретінде тіркелді: Заңғар Нұрланұлы — Траралгондағы J300 турнирінің жекелей сынында ширек финалға жеткен Қазақстаннан шыққан алғашқы юниор.

Енді Заңғарға жартылай финалға шығу үшін әлемдік юниорлық турдың көшбасшыларының бірі — Бразилия теннисшісі Луиш Гуту Мигелмен кездесу керек. Қарсыласы ITF Juniors рейтингінде 5-орында тұр.

Матч 19 қаңтарға жоспарланған.

Рейтинг пен келесі мақсат: Australian Open-ге ТОП-10 болып барады

Жас қазақстандық бұған дейін де әлемдік рейтингте айтарлықтай серпіліс жасап, ITF юниорлар рейтингісінде 12-орынға дейін көтерілгені хабарланған.

Ал ең жақын ірі дода — юниорлық Australian Open турнирінде Зангар 10-нөмірлі болып тіркеліп, негізгі тордан бірден өнер көрсетеді. Жарыс 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Сиднейде өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір