ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Александр Бублик тарих жазды

Мельбурндегі Australian Open-2026 додасында Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик кезекті сенімді қадамын жасады.

ATP рейтингінде 10-орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді (62-орын) тізе бүктіріп, турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

Бублик екі сетте де тай-брейкте мінез көрсетіп, матчты үш партияда аяқтады. Есеп: 7:6, 7:6, 6:4

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші австралиялық жұлдыз Алекс Де Минаурмен кездеседі. Қарсыласы ATP рейтингінде 6-орында тұр. Бұл матч ширек финалға берілер тікелей жолдаманы анықтайды.

Александр Бублик алғаш рет Мельбурн корттарында осы межеге жетіп отыр. Бұған дейін Australian Open аясында дәл мұндай алыс кезеңге өтпеген.

Australian Open-2026 барысында Бублик қарсыластарын бірінен соң бірін тоқтатып келеді:

  • 1-айналым: Дженсон Бруксби (АҚШ, 48-орын)
  • 2-айналым: Мартон Фучович (Мажарстан, 54-орын)
  • 3-айналым: Томас Мартин Этчеверри (Аргентина, 62-орын)
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.