Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингі – 5-орын) Australian Open-2026 додасының үшінші айналымында чехиялық Тереза Валентовоны (WTA – 54-орын) сенімді түрде жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Рыбакина кездесуді екі сетте аяқтады — 6:2, 6:3. Ойын 1 сағат 23 минутқа созылды.
Australian Open-2026 турнирінде Елена бұған дейін де екі қарсыласын жолдан тайдырды:
Елена төртінші айналымда Мертенс — Бартункова арасындағы жеңіпазбен ойнайды.
Рыбакина 1/8 финалға шыққаны үшін кем дегенде 323 088 АҚШ доллары көлемінде сыйақыны және 240 рейтингілік ұпайды еншіледі.
Бұл — турнирдегі үш жеңістен кейінгі минималды кепілдендірілген табыс.
Биыл Australian Open турнирінің жалпы жүлде қоры 74 900 000 доллар деп көрсетілген. Ал чемпион атанған теннисші 2 793 365 доллар және 2000 рейтингілік ұпай алады.