ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ Барлық матчтар

Александр Бубликтің Дубайдағы матчы екі сетке созылды

Қазақстанның №1 теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 санатындағы турнирде алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Александр Бубликтің Дубайдағы матчы екі сетке созылды
фото ашық дереккөзден алынды

Бублик бірінші айналымда негізгі торға “lucky loser” мәртебесімен өткен германиялық Ян-Леннард Штруффты (ATP рейтингінде 80-орын) ұтты.

Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылып, Бубликтің екі сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:3, 6:4. Осылайша қазақстандық теннисші турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Екінші айналымда Александр Бублик Отто Виртанен (Финляндия, 131-орын) мен Таллон Грикспур (Нидерланд, 25-орын) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Дубайдағы ATP-500 турнирінің жалпы жүлде қоры 3 311 005 долларға тең. Чемпион атанған теннисші 619 160 доллар сыйақы және ATP рейтингінде 500 ұпай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.