ATP (кәсіби теннисшілер қауымдастығы) Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің қатысушыларын елден тегін шығаруды ұйымдастырмақ.
Белоруссиялық теннисші Илья Ивашконың айтуынша, алғашында теннисшілерге елден шығу үшін әр адамға €5 000 тұратын чартерлік рейс ұсынылған. Кейін ATP барлық шығынды өз мойнына алып, Фуджейрадағы турнирге қатысушылардың барлығы ақысыз эвакуацияланатынын растаған.
3 наурызда Фуджейрада өткен “Челленджер” матчтары қала маңындағы қауіпсіздік ахуалына байланысты тоқтатылды. БАҚ мәліметінше, ойын кезінде жақын аумақта болған оқиғалардан кейін спортшылар мен ресми тұлғалар қауіпсіздік мақсатында алаңнан шығарылған, арада біраз уақыт өткен соң турнир толықтай күшін жойды.
Аймақтағы қақтығыс салдарынан бірқатар әуе компаниялары рейстерін уақытша тоқтатып, әуе қатынасы күрделенгені хабарланды. Осыған байланысты көптеген спортшы БАӘ аумағынан кете алмай, логистика мәселесі ушыға түскен.