Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ATP турнирі тоқтатылды

Сарапшы, спорт журналисі

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан ATP Challenger Tour сериясындағы турнир төнген қатерге байланысты кенеттен тоқтатылды. Матч барысында ойыншылар мен ресми тұлғалар кортты шұғыл түрде босатуға мәжбүр болды. Бұл шешім Таяу Шығыстағы әскери шиеленістің күшеюінің салдарынан қабылданды.

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ATP турнирі тоқтатылды
Фото: ATP

Аймақтағы қауіпсіздік мәселелерінің сақталуына байланысты ATP Challenger Tour турнирлері, Фуджейрада осы және келесі аптаға жоспарланған ойындар тоқтатылды.

Теннис турнирінің ойын кестесі белгісіз уақытқа тоқтатылды.Бұл жағдай турнирді тоқтату спорттық шешімдерге ғана емес, геосаяси ахуалға да байланысты екенін көрсетті. Кәсіби теннисшілер қауымдастығы протоколдары бойынша ойыншылар эвакуацияланып, қауіпсіз аймақтарға орналастырылды. Сәйкесінше , халықаралық спортта қауіпсіздік стандарттарының қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Аймақтағы ахуал

Аймақтағы жағдайға байланысты Парсы шығанағы аумағындағы кейбір әуе кеңістігі жабылып, бірқатар рейстер кейінге шегеріліп, халықаралық спортшылардың қозғалысына тікелей әсер етті. Олардың қатарында жуырда Дубайдағы турнирде жеңіске жеткен Даниил Медведев те бар. Көптеген теннисші алдағы Индиан-Уэллс турниріне уақытында жету мәселесіне тап болды. 

Желіде жарияланған видеода жапондық Хаято Мацуока мен беларусь Даниил Остапенковтың іріктеу матчының ортасында корттан кетіп бара жатқанын көруге болады, кейін мұнарадағы төреші хабарландыру жасайды.

ATP ойыншылар мен персоналды эвакуациялау үшін қауіпсіз чартерлік рейстер ұйымдастырғанымен, бұл қызметке әрбір адамнан 5 мың евро талап еткен. Осы жағдай қоғамда және спорт әлемінде наразылық туғызды, әсіресе қауіп төнген кезде төлем сұрау ақылға қонымсыз деп бағаланды. Сонымен қатар, халықаралық спорттық ұйымдардың жауапкершілігі туралы жаңа пікірталастар тудырды.

Ал Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дубай әуе кеңістігі жабылмай тұрып, АҚШ-қа аман-есен жетті. Әлемнің 10-ракеткасы жағдайды тек ұшу кезінде жаңалықтардан білгенін жазды.Осылайша, ол Дубайдағы қарбаластан аман қалған аздаған ойыншылардың бірі болды. Себебі, көптеген теннисшілер әлі де ұшуға қолайлы жағдайды күтуге мәжбүр және Индиан-Уэллстегі турнирді өткізіп алу қаупі бар. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір