Елена Рыбакина Porsche көлігімен кортты айналып өтті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Штутгарттағы жеңісінен кейін өзіне табысталған Porsche көлігін бірден тізгіндеп, корт үстінде көпшілікке ерекше сәт сыйлады.

Елена Рыбакина Porsche көлігімен кортты айналып өтті (ВИДЕО)
telegraaf.nl

Штутгарттағы жеңістен кейін Porsche-мен кортқа шықты

Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұрғанын тағы бір мәрте дәлелдеп, Германияның Штутгарт қаласында өткен беделді турнирде топ жарды. Финалдан кейін ұйымдастырушылар оған дәстүрлі сыйлықтардың бірін — жаңа Porsche автокөлігін табыстады.

Салтанатты марапаттау рәсімінен соң Рыбакина көлік тізгініне отырып, оны корт үстінде жүргізіп өтті. Бұл көрініс жанкүйерлердің ерекше назарын аударып, жарыстың есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.

Қазақстандық теннисші қандай көлік ұтып алды?

Штутгарттағы турнирдегі жеңісі үшін Елена Рыбакина чемпиондық атақпен қатар Porsche 911 Carrera S автокөлігін иеленді.

Айта кетейік, бұл — қазақстандық спортшының Штутгарттағы турнирде ұтып алған екінші Porsche көлігі. Бұған дейін мұндай сыйлықты 2024 жылы да еншілеген.

Финалда Муховаға еш мүмкіндік бермеді

Осы жолғы турнирдің финалында Елена Рыбакина чехиялық Каролина Муховамен кездесті. Әлемнің 12-ракеткасына қарсы өткен матчта қазақстандық спортшы сенімді ойын көрсетіп, қарсыласын екі сетте жеңді — 7:5, 6:1.