Қазақстандық теннисші мансабын не себепті аяқтағанын ашып айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Танымал теннисші Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

Қазақстандық теннисші мансабын не себепті аяқтағанын ашып айтты
ҚТФ баспасөз қызметі

Экс-теннисші Instagram парақшасында жанкүйерлер сұрағына жауап беріп, негізгі себеп жарақаттар болғанын айтты:

“Көп адам неге аяқтағанымды сұрайды. Ерте, әлі ойнай алатын едің дейді. Бірақ маған жарақаттар маза бермеді. Физикалық тұрғыдан өте қиын болды, бір сәтте денем “тоқта” деді.”

Спортшының айтуынша, бұл шешімді қабылдау оңай болмаған.

“Кәсіби мансапты аяқтау – кез келген спортшыға әрдайым қиын. Мен ұзақ ойландым, күмәндандым. Бірақ бұл дұрыс таңдау екенін түсіндім. Әрине сағынатын боламын. Эмоцияларды, жарыстарды, осы адреналинді, бұл сезімдерді ештеңемен алмастыру мүмкін емес.”

Зарина теннис өмірінің жаңа кезеңінің бір бөлігі болатынын да айтып өтті.

Мансаптағы жетістіктері

Зарина Дияс кәсіби мансабында:

  • WTA турнирінің жеңімпазы атанды
  • “Уимблдонда” екі рет 1/8 финалға дейін жетті
  • АҚШ ашық чемпионатында жұптық сында ширек финал ойнады
  • Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғаған