Мадридтегі "Мастерсте" Бубликтің киім ауыстыратын бөлмесі көрсетілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Танымал блогер ATP 1000 санатындағы жарысқа қатысушылардың киім ауыстыратын арнайы бөлмесін көрсетіп, жанкүйерлерге оның ішкі көрінісін таныстырды.

Мадридтегі "Мастерсте" Бубликтің киім ауыстыратын бөлмесі көрсетілді (ВИДЕО)
atptour.com

Тек таңдаулы теннисшілерге арналған бөлме

Мадридтегі “мыңдық” турнирінде іріктелген теннисшілер үшін жеке гардероб бөлмесі қарастырылған. Бейнежазбадан әр ойыншыға арнайы дайындалған:

  • жеке стильдегі шкаф,
  • киім ілгіштер,
  • ыңғайлы орындықтар бар екені анық көрінеді.

Бұл – турнирдің жоғары деңгейін көрсететін маңызды детальдардың бірі.

Бубликке арнайы орын бөлінген

Турнирдің сегізінші ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық Александр Бубликке де жеке орын берілген. Бұл оның ATP рейтингіндегі жоғары позициясын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Киім ауыстыратын бөлме тек демалыс аймағы емес. Онда спортшыларға арналған:

  • жүгіру жолдары,
  • велотренажерлар орнатылған.

Бұл теннисшілерге матч алдында дайындалып, бабын сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Мадридтегі топырақ төсенішіндегі “Мастерс” турнирінің жеребесі жарияланған еді. Негізгі кезеңде Қазақстан намысын Бубликтен бөлек Александр Шевченко қорғайды.