Елена Рыбакина Мадридте сенсацияны болдырмады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испания астанасы Мадридтегі WTA 1000 санатындағы турнирді жеңіспен бастады.
Үш сетке созылған драма
Рыбакина жоғары рейтингке ие болғандықтан турнирді екінші айналымнан бастады. Оның алғашқы қарсыласы WTA рейтингінде 71-орында тұрған румыниялық Елена-Габриэла Русе болды.
Кездесу қазақстандық теннисші үшін оңайға соққан жоқ. Алғашқы сетте 4:6 есебімен жол берді. Бірақ екінші партияда ойын тізгінін өз қолына алып, 6:3 есебімен таразы басын теңестірді.
Шешуші үшінші сетте де тартыс жоғары болды. Дегенмен Елена Рыбакина маңызды сәттерде сабыр сақтап, қарсыласынан 7:5 есебімен басым түсті. Матчтың жалпы есебі: 4:6, 6:3, 7:5. Кездесу 2 сағат 29 минутқа созылды.
Келесі қарсыласы қытайлық теннисші
Осы жеңістен кейін Елена Рыбакина Мадрид турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Енді қазақстандық теннисші қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Қытайлық WTA рейтингінде 36-орында тұр. Сондықтан келесі матч та Рыбакина үшін оңай болмайды.
Мадридтегі топырақ төсенішіндегі WTA 1000 турнирі маусымдағы ең беделді жарыстардың бірі саналады. Турнир жеңімпазы 1 007 165 еуро көлемінде сыйақы алып, рейтингіне 1000 ұпай қосады.