Жібек Құламбаева ірі турнирде топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық теннисші ITF W50 жарысына қатысқан болатын. 

Жібек Құламбаева ірі турнирде топ жарды
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 турнирінде жұптық сында жеңімпаз атанды.

Әлемдік рейтингте 395-орында тұрған Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен (328-орын) жұп құрып, финалда қытайлық Чэнги Юань мен италиялық Дилетта Черубини дуэтін айқын басымдықпен жеңді.

Матч небәрі 51 минутқа созылып, екі сетте аяқталды — 6:1, 6:1.

Осылайша, қазақстандық-ресейлік жұп турнирдің чемпионы атанып, жүлде қорынан өз үлестерін алды. Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 40 мың долларды құрайды.