Қазақстандық теннисші Анна Данилина "Ролан Гарроста" жеңісті жолын жалғастырды

Спорт шолушысы

Қазақстандық теннисші жұптық сында жеңіске жетіп, сербиялық Александра Круничпен бірге "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина "Ролан Гарроста" жеңісті жолын жалғастырды
wtatennis.com

Теннисшілер дуэті 1/16 финалда австралиялық Майя Джойнт пен бельгиялық Хенне Вандевинкель жұбын екі сетте 6:2, 6:3 есеппен сенімді түрде жеңді. Қарсыластар арасындағы алғашқы ресми кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды. 

Келесі қарсылас украиналық жұп

1/8 финалда аталған дуэт украиналық Ангелина Калинина және Даяна Ястремская жұбына қарсы ойнайды. Данилина қазіргі таңда “Ролан Гаррос” турнирінде өнер көрсетіп жатқан Қазақстанның соңғы өкілі болып қалды. Себебі, жекелей сындағы сайыста еліміздің бірде-бір теннисшісі қалған жоқ. 27 мамырда Елена Рыбакина турнирдің екінші айналымында 2 сағаттан астам уақытқа созылған ойында украиналық Юлия Стародубцевадан сенсациялық түрде жеңілді. Ал ерлер арасындағы жарыста Александр Бублик жарақатына байланысты матчты соңына дейін өткізе алмай, турнирден шығып қалды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан турнир 7 маусымға дейін жалғасады.