"Ролан Гарроста" жеңісін тойлаған теннисшіні ұрлап кетті

Жекпе-жек шолушысы

Америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо Франция ашық чемпионатындағы ауыр жеңісінен кейін күтпеген жағдайға тап болды.

"Ролан Гарроста" жеңісін тойлаған теннисшіні ұрлап кетті
independent.co.uk

Оқиға Тиафоның польшалық Хуберт Хуркачты жеңгенінен кейін болған. Тартысты кездесу 4 сағат 43 минутқа созылып, бес сет нәтижесінде америкалықтың пайдасына аяқталды. 

Матч аяқталған соң Тиафо трибунаға жақындап, жанкүйерлерімен бірге эмоциясын бөліскен. Дегенмен көпшіліктің арасынан шыққаннан кейін теннисші ракеткаларының бірі жоқ екенін байқаған.

Айтуынша әдетте турнирлерге өзімен бірге сегіз ракетка алып жүреді. Бірақ бұл жолы матчтан кейін бір ракетканың жоғалғанын түсінген.

Осыдан кейін Тиафо әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлерге үндеу жасады.

"Бүгін 14-кортта керемет атмосфера болды. Бірақ мен жеңісті тойлап жатқан кезде ракеткамды алып кеткен жанкүйерге өтінішім бар. Оны маған қайтарып бере аласың ба? Есесіне келесі матчыма екі билет сыйлаймын", — деп жазды теннисші Instagram парақшасында.

Тиафоның бұл жазбасы әлеуметтік желіде тез тарап, көп ұзамай нәтиже берген. Кейін теннисші жоғалған ракетканың өзіне қайтарылғанын хабарлады.

Америкалық теннисші бұл ракетканы қосалқы құрал жетіспегендіктен емес, ерекше мәні болғандықтан іздегенін айтты. Оның сөзінше, Хуркачқа қарсы маңызды жеңіске дәл осы ракеткамен жеткен, сондықтан оны "сәттілік әкелген"инвентарь деп санаған.