Елена Рыбакина "Ролан Гарроста" сенсациялық жеңіліске ұшырады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатын ерте аяқтады.
sports.inquirer.net
Үш сетте есе жіберді
Елена Рыбакина “Ролан Гаррос-2026” турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 55-орында тұрған Юлия Стародубцевамен кездесті. Матч үш сетке созылды. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласына 3:6, 6:1, 6:7 есебімен жол берді.
Осылайша Рыбакина жарысты екінші айналымнан кейін аяқтады.
Турнирді сенімді бастаған
Рыбакина Франция ашық чемпионатын сәтті бастаған. Бірінші айналымда словениялық Вероника Эрьявецті еш қиындықсыз жеңді – 6:2, 6:2. Бірақ екінші айналымда күтпеген нәтиже тіркелді.
Қазақстандық теннисшінің Франция ашық чемпионатындағы ең үздік көрсеткіші — ширек финал. Рыбакина бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары дейін жеткен. Биыл сол нәтижесін қайталай алмады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet