ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Қазақстандық теннисшілер "Ролан Гарроста" сенімді өнер көрсетуде

"Ролан Гаррос" турнирінде Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы жарысты сәтті бастаса, жұптық сында Анна Данилина ширек финалға жолдама алды.

Қазақстандық теннисшілер "Ролан Гарроста" сенімді өнер көрсетуде
Olympic.kz

17 жастағы қазақстандық спортшы 1/32 финал кезеңінде Ұлыбритания өкілі Марк Чебанға қарсы ойнады. Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылып, Заңғар екі сетте 6:3, 6:4 есеппен жеңіске жетті. 1/16 финалда теннисші жапониялық Мотохару Абе мен америкалық Агасси Рашер арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі. Заңғар Нұрланұлы бұған дейін ITF жүйесіндегі бірнеше халықаралық турнирлерде жеңіске жетіп, Оңтүстік Кореяда өткен J200 санатындағы жарыста топ жарған.

Анна Данилина ширек финалда

Данилина сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге турнирдің ширек финалына жолдама алды. Теннисшілер дуэті украиналық Даяна Ястремская мен Ангелина Калининаны екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Данилина мен Круничтің ширек финалдағы қарсыластары Деми Схюрс / Эллен Перес пен Людмила Самсонова / Беатрис Хаддад Майя арасындағы матчтың жеңімпаздары болмақ. Еске салсақ, Данилина қазіргі таңда Қазақстанның ең үздік жұптық теннисшісі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.