Қазақстандық теннисші бір жылда үш титул алды
Заңғар Нұрланұлы Латвияның Айзкрауклесіндегі жасөспірімдер арасында өткен ITF J100 турнирінде топ жарды.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 77-ракеткасы, 16 жастағы теннисші финалда нидерландылық Хайде Шонмаркспен (рейтингте 165-орын) кездесті. Заңғар қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Былтыр отандасымыз осы жарыстың финалына дейін жеткен.
Бұл қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы ITF Juniors додаларындағы бесінші, ал биылғы үшінші титулы.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.