Теннисші Жібек Құламбаева ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Солапурде (Үндістан) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.
Хард төсенішінде өтіп жатқан турнирдің осы кезеңінде Құламбаева ресейлік Екатерина Казионовамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Отандасымыздың ширек финалдағы бәсекелісі Латвия өкілі Диана Марцинкевич болады.
Жібек турнирдің төртінші ракеткасы болып тіркелген.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.