Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстандық сұлу боксшы әлем чемпионы атағына таласады

Сарапшы, спорт журналисі
09.04.2025, 15:41

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Муздыман әлем чемпиондығы атағына таласуға дайындалып жатыр. Бұл туралы оның менеджері Уля Мұсаханова мәлімдеді.

Қазақстандық сұлу боксшы әлем чемпионы атағына таласады
vesti.kz

Мұсаханованың айтуынша, Балауса жақын күндері демалыстан оралып, жекпе-жекке дайындықты бір апта ішінде бастайды. Егер қарсылас және промоушнмен келісімге келу сәтті жүзеге асса, жекпе-жек 2025 жылдың қараша немесе желтоқсан айында өтуі мүмкін.

“Бәрі титулдың бос болуына не басқа боксшыда болуына байланысты. Кейде титулдық жекпе-жек алдын ала жоспарланып қойылады, бірақ ресми түрде жарияланбаған болуы мүмкін. Сондықтан уақыт пен қарсылас әлі нақтыланып жатыр”, – дейді менеджер.

Балауса Муздиманның чемпиондық айқасқа жақындауы кездейсоқ емес. Ол жуырда Астанада өткен жекпе-жекте филиппиндік Мария Тереза Пинилиді төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңді. Бұл жеңіс оның кәсіпқой рейтингін айтарлықтай күшейтіп, жаңа деңгейге шығарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 19
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір