ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық таэквондошылар Сербияда 11 медаль жеңіп алды

Белградта (Сербия) өткен халықаралық Serbia Open G1 турнирінде Қазақстанның кадеттер мен юниорлардан құралған таэквондо құрамасы керемет нәтиже көрсетті.

Қазақстандық таэквондошылар Сербияда 11 медаль жеңіп алды
olympic.kz

Жалпы есеп бойынша қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды — олардың ішінде 6 алтын, 1 күміс және 4 қола бар.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жарысты өте сәтті аяқтап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Жекелеген нәтиже бойынша:

  • Егор Шаптефраць (+78 кг) – алтын
  • Теміржан Тасқын (51 кг) – алтын
  • Нұрперзент Саматұлы (48 кг) – алтын
  • Қанат Рахымберді (68 кг) – алтын
  • Бекет Болатұлы (73 кг) – қола жүлде

Кадеттер құрамасы да ел үмітін ақтады. Олардың еншісінде:

  • Хамзальпер Ромашкин (61 кг) – алтын
  • Диас Байдуллаев (33 кг) – алтын
  • Руслан Стацина (37 кг) – күміс
  • Ерсұлтан Оразбекұлы (49 кг) – қола
  • Сұлтанмұхаммед Розиев (45 кг) – қола
  • Мирас Есенгельдин (65 кг) – қола
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.