
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сағадиев балуан қыздардың шашына қатысты ескертуін жеткізді.
Қайрат Сағадиевтің айтуынша, Жапония, Үндістан және Солтүстік Корея секілді елдердің балуан қыздары шаштарын әдейі қысқартып тастайды. Бұл туралы Sportbugin.kz жазды.
“Кей елдерде, мысалы Кореяда, тіпті бапкерлер қыздардың шаш өсіруіне рұқсат бермейді дегенді естідім”, — дейді ол.
Сағадиев қазақ қыздарының ұзын шашының әсемдік мәнін жақсы түсінетінін айта отырып, бұл фактордың күрес кезінде айтарлықтай кедергі келтіретінін жасырмады:
“Әрине, қыз бала болған соң, шаштың ұзын болғаны көрік береді. Бірақ белдесу кезінде бұл — спорттық үдеріс үшін қиындық”.
Ұзын шаш тек белдесу кезінде ғана емес, дайындық пен жаттығу кезінде де уақыт жоғалтуға себеп болады:
Белдесу кезінде шашының босап кетуі де спортшыны алаңдатып, қарсыласына ұпай сыйлап жіберуі ықтимал:
“Қыздар шашын түзеймін деп жүргенде, қарсылас әдіс жасап үлгереді. Қолын шашына апара бергенде-ақ, ұпайдан айырылып жатады. Себебі қарсылас оны күтіп тұрмайды ғой”, — дейді Сағадиев.