Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Күмәнім бар": Елдос Сайдалин үнді боксшылары жайлы пікір білдірді

Редактор Penalty.kz
09.04.2025, 18:19

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин үндістандық қыздар құрамасының жас ерекшелігіне қатысты күдігін жасырмады.

olympic.kz
olympic.kz

Бұл туралы ол журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. Ақпаратты Sportbugin.kz жариялады.

“Үндістандық боксшы қыздар ересектер арасында аса мықты деп айта алмаймын. Олар негізінен жасөспірімдер мен жастар деңгейінде жақсы нәтиже көрсетеді. Бірақ өз басым олардың жасына күмәнмен қараймын”, — деді бапкер.

Сайдалин үнді боксшыларының жас категориясына байланысты мәселені нақты мысалмен түсіндірді:

“Біз 14-15, тіпті 16 жастағы қыздарды жарысқа шығарамыз. Бірақ қарсы бетте ересек көрінетін боксшылар тұрады. Бұл әділетті ме — белгісіз”.

Сайдалин бұл жағдайға байланысты үнді халқының тығыздығын және құжат рәсімдеу жүйесін де мысалға келтірді:

“Кейбіреулер Үндістанда адам саны көп болғандықтан, туу туралы куәліктер кеш беріледі дейді. Мүмкін, сол себепті жас категориясында алшақтық бар шығар. Бірақ бұл нақты дәлелденбеген, тек болжам”.

Сайдалин өз ойын нақты тұжырыммен аяқтады:

“Жалпы алғанда, үндістандық боксшылардан аса қауіптенудің қажеті жоқ. Олармен тең дәрежеде жұдырықтасуға болады”.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір